Жаңа медиа болашағы

Мағыналы сурет

Бүгінгі күннің көрінісі

Жаңа медиа болашағы. Тақырып өте қызықты. Баспасөз болашағы-жаңа медиа болса, жаңа медиа болашағы не болмақ? Ғаламтор адамның айырылмас серігіне айналған мына заманда, жаңа медиа болашағының зор боларын айқын аңғаруға болады.

Неге? Себебі, жаңа медиа тікелей ғаламторға тәуелді. Жаңа медиа- ол қандай ұғым? Ең алдымен, жаңа медиа туралы түсінігімізді кеңейтіп алғанымыз жөн болар. 

Коммуникация тарихына үңіліп қарар болсақ, кітап—> газет—>журнал—> радио мен телевизия дамыса , XXI ғасырда осы аталған  коммуникация құралдарының бәрін бір арнаға тоғыстырған Интернет пайда болды. Интернеттің дамуы- тікелей жаңа медиа деген үлкен саланың пайда болуына алып келді.

Жаңа медиа- дәстүрлі медианың (газет, журнал, радио,телевизия т.б) ғаламтордағы көрінісі десек қателеспеспіз.Бірақ мұндағы басты ерекшелік, аудиториямен интерактивті түрде жұмыс жасалынуы. Яғни, ой еркінді немесе Асхат Еркімбайдың «монологтан диалогқа» өту көрінісі.

Бүгінгі таңда еліміздегі басты проблемалардың  бірі дәстүрлі медиа мен жаңа медианың бәсекелестігі. Ақиқатына көз жүгіртер болсақ, дәстүрлі медиа мен жаңа медиа еш бәсекелес емес. Дәстүрге сай жұмыс жасап жатқан белді журналисттердің жаңа дүниелерді қабылдаудағы қорқыныштарынан шыққан дүние деп ескеруге болады.

Жаңа медиа-ақиқат болатын болса, ақиқаттың болашақта көрініс берері айдан анық. Дәстүрлі медианың бәсекелесі деп қарау, бұл тұста дұрыс емес деп ойлаймын. Адамның айырылмас серігі- ғаламтор дамыса, жаңа медиа еш стагнацияға ұшырамасы белгілі.

Ақпараттық технологиялар қарыштап дамып жатқан заманда, жаңа медианың болашағы айқын көрініс береді. Ал Web 4.0 дәуірі,  Web 5.0, Web 6.0 болып жалғасын таба береді… Қорыта айтқым келгені, ғаламтордың дамуы-  тікелей түрде жаңа медианың дамуы.

 

 

Infomatrix пен SDU

image

image

        СДУ қабырғасында бүгін айтулы күн. Неге?  деген сұрақ туындар бəлкім. Себебі, СДУ-лық INFOMATRIX атты робототехникалық жоба 3-ші рет университет қабырғасында өту үстінде. Азияның əр қырынан жиналған қатысушылардың басын қосқан бір нəрсе бар. Ол  INFOMATRIX  емес, бұл олардың қызығушылықтары. Кибернетика немесе робототехникаға деген қызығушылықтары.   Бастауын 2013 жылдан алған бұл жобаның негізгі мақсаты робототехника, ақпараттық жүйелер, бейнетүсірілім саласына қызығығушылығы бар оқушылардың басын қосу жəне халықаралық достықты нығайту. Жəне жанама бір мақсат СДУ-ды жарнамалау болар. 
Оқуды жалғастыру

Қазақстандағы жаңа медиа немесе интернет журналистика

posta3

Google тауып берген сурет

            Жаңа медиа-ол қандай ұғым? Дәстүрлі медиаға бәсекелес пе, әлде серіктес пе? Жаңа медианың аңызы мен ақиқаты қандай?  Қазақ баспасөзінің болашағы бола алады ма? деген сұрақтарға жауап беру арқылы ғана  Қазақстандағы жаңа медиа туралы көзқарасымызды қалыптастырсақ болады. Білмей тұрып тон пішпегеніміз жөн болар.Ендеше, мен бүгін бес мақалаға сүйене отырып өз жұмысымды бастайын!

              Коммуникация тарихына үңілсек, XV ғасырда- кітап, XVI ғасырда-газет,  XVII ғасырда-журнал, XX ғасырда- радио мен телевизия дамыса , XXI ғасырда аталған  коммуникация құралдарын бір арнаға тоғыстырған Интернет пайда болды. Интернеттің дамуы- тікелей жаңа медиа деген үлкен саланың пайда болуына алып келді. Оқуды жалғастыру

Қазақстандағы жаңа медиа немесе интернет журналистика

  

image

       Жаңа медиа-ол қандай ұғым? Дәстүрлі медиаға бәсекелес пе, әлде серіктес пе? Жаңа медианың аңызы мен ақиқаты қандай?  Қазақ баспасөзінің болашағы бола алады ма? деген сұрақтарға жауап беру арқылы ғана  Қазақстандағы жаңа медиа туралы көзқарасымызды қалыптастырсақ болады. Білмей тұрып тон пішпегеніміз жөн болар.Ендеше, мен бүгін бес мақалаға сүйене отырып өз жұмысымды бастайын!
   
       Коммуникация тарихына үңілсек, XV ғасырда- кітап, XVI ғасырда-газет,  XVII ғасырда-журнал, XX ғасырда- радио мен телевизия дамыса , XXI ғасырда аталған  коммуникация құралдарын бір арнаға тоғыстырған Интернет пайда болды. Интернеттің дамуы- тікелей жаңа медиа деген үлкен саланың пайда болуына алып келді. Оқуды жалғастыру

Өмірді сүйетін Ботагөз

бота

Бота қыздың kerekinfo.kz сайтындағы суреті

 

Таң қалдым, өзіммен жасты Ботагөз жетістікке жетіп үлгеріпті. Керек инфо сайтындағы блогтар тізімін ашып қарасам, Ботагөз есімді бойжеткен “Сана мен сезім” атты психологиялық бағытта жүргізіп отқан жазбаларын жариялапты. 2013-ші жылдың 27 наурызында ашылған бұл блог аз да болса тәжірибе мен рейтинг жинап үлгеріпті. Осы күнге дейін 22 жазба жариялаған, әрине ол біреулер үшін аз болып көрінуі мүмкін. Алайда саны көп, сапасы жоқ мақалалар кімнің кәдесіне жарар дейсің? Оқуды жалғастыру

Ислам атын жамылғандар

Шошыдым… көріп таң қалдым. Мұсылман атын жамылып, адамдардың зəрерісін ұшыртып қорқытып жүрген бұлар кімдер екен? Əсті адам қатарына жатқызудың өзі бір ыңғайсыз. Тыныш бейбіт заманда қолдарына сөмкелерін арқалап, жазықсыз тұрғындарды үркітуде. Бұл не масқара? Бұл не сұмдық? Бір көргенде күлкілі болып көрінуі мүмкін. Алайда түбінде қандай ИСЛАМ атына жамандық келіп жатқанын біреу ескерсе, біреу елемес! Өз басым қатты ызаландым. Сіздердің əсерлеріңіз қандай болғанын күтемін. Пікір қалдырыңыздар.